Басшылық

Ермекбаева Майра Аманбековна

Ермекбаева Майра Аманбековна

Ермекбаева Майра Аманбековна Түркістан облысында дүниеге келген.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдап, жоғары білім алды. 2018-2020 жылдары аталған университетте магистратурада білім алып, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін иеленді. 2020-2023 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторантурасында оқыды.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында маман ретінде бастады. Кейін осы мекемеде Қоғаммен байланыс қызметінің мәдени бағдарламалар секторының, Ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің ақпараттық бағдарламалар секторының меңгерушісі, сондай-ақ Ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қызмет етеді. Алғашында Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінде әдіскер ретінде жұмыс істеп, музейлік білім беру бағдарламалары мен мәдени-ағартушылық жобаларды ұйымдастыруға белсенді атсалысты. 2022 жылдан бері Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып келді.

Қызмет барысында музейдің ғылыми-ағартушылық және мәдени-білім беру жобаларын ұйымдастыру мен үйлестіру бағытында мол тәжірибе жинақтады. Оның жетекшілігімен «Музейдегі мектеп күні», «Тарихи тұлғалар», «Шаңырақ», «Қызықты этнография», «Дана» және басқа да мәдени-білім беру жобалары табысты жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, инклюзивті мәдени ортаны дамытуға бағытталған «Қолжетімді музей: баршаға арналған мәдени мұра» және «Мейірім» жобалары да сәтті іске асырылып келеді.

Жалпы еңбек жолы – 18 жыл, оның ішінде мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 18 жыл, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндегі еңбек өтілі – 9 жыл.