Музей келушілеріне тыйым салынады:


  • Сырт киіммен, бас киіммен және күннен қорғайтын көзілдірікпен кіруге;
  • Кез келген көлемдегі жолдорбамен, үлкен сөмкемен кіруге;
  • Балалардың үлкен ойыншықтарын, әуе шарларын, гүлдерді, ағаш шыбықтарды, қолшатырларды алып өтуге;
  • Скейтборд, коньки, самокат, велосипед және басқа да спорт құралдарын алып кіруге, сондай-ақ роликті аяқ киіммен келуге;
  • Тамақ және сусынмен (соның ішінде балмұздақпен) кіруге. (Музей ішінде ас ішетін арнайы орын бар);
  • Алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді музей аумағына әкелуге және тұтынуға, музейге мас күйінде кіруге, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде келуге;
  • Пиротехникалық, тез жанатын, уытты, улы заттарды, сұйықтықтарды, тұрмыстық газ баллондарын алып өтуге;
  • Атыс қаруларын, шаншитын, кесетін және оңай сынатын заттарды, сонымен қатар солардың құрамына кіретін заттарды алып кіруге;
  • Кез келген жануарды өткізуге және/немесе алып кіруге;
  • Турникет арқылы билетсіз өтуге;
  • Музей ғимараты мен аумағын ластауға және былғауға;
  • Ғимарат ішінде темекі (соның ішінде электронды шылым) шегуге;
  • Қызметтік, өндірістік және техникалық бөлмелерге рұқсатсыз кіруге;
  • Балаларды қоршаулардың, турникеттердің және сүйеніштердің үстіне шығаруға немесе отырғызуға;
  • Музейдегі заттардың, экспонаттардың және өзге де мүліктің беттерін сызуға, бүлдіруге немесе оларға қандай да бір жазулар мен белгілер түсіруге;
  • Макеттер мен витриналарға қол тигізуге, олардың үстіне кез келген затты қоюға;
  • Музей ішіндегі кез келген жабдыққа және мүлікке залал келтіруге;
  • Апатты жағдайларды болдырмау үшін лифт ішінде секіруге;
  • Рұқсатсыз дауыс күшейткіш арқылы аудиотехника тыңдауға, дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға және музыкалық аспаптарда ойнауға;
  • Музей ғимаратында жүгіруге, қатты дауыстап сөйлеуге, ән айтуға, секіруге, ойнауға, экспозициялық залдарда және экскурсия барысында телефонмен сөйлесуге;
  • Музей қызметкерлері мен басқа келушілерге тіл тигізуге, жанжал шығаруға немесе күш қолдануға;
  • Әкімшіліктің жазбаша рұқсатынсыз музей аумағын коммерциялық, жарнамалық және өзге де мақсаттарда пайдалануға;
  • Кез келген сипаттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге;
  • Экспозициялық залдарда өз бетінше, яғни арнайы рұқсатсыз экскурсиялар, дәрістер және өзге де іс-шаралар өткізуге;
  • Арнайы рұқсатсыз музейдің барлық залдарында камерамен, смартфонмен фото және бейнетүсірілім жүргізуге.