Басшылық

Гиззатов Саялбек Махамбетұлы

Гиззатов Саялбек Махамбетұлы

Гиззатов Саялбек Махамбетұлы – ғылыми хатшы, тарих ғылымдарының кандидаты.

С. Гиззатов 1984 жылы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2001-2005 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 2010 жылы «07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.З.Рысбековтың жетекшілігімен «Бөкей Ордасындағы аграрлық саясат (ХІХ ғасырдың І жартысы)» тақырыбындағы кандидаттық дисертациясын сәтті қорғаған.

2010-2012 жылдары Еуразия академиясында білім алып, «Құқықтану» мамандығын иеленді.

Еңбек жолы:

08.2005 - 09.2008 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Философия және мәдениеттану кафедрасының» оқытушысы;

09.2008 - 09.2009 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының» оқытушысы;

09.2009 - 09.2010 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Философия және құқықтық пәндер кафедрасының» оқытушысы;

09.2010 - 09.2011 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Құқықтық пәндер кафедрасының» оқытушысы;

09.2011 - 01.2011  жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы;

11.2011  - 09.2013 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Тарих және құқық факультетінің деканы;

09.2013 - 07.2017 жылдары «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасы» ММ дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы;

07.2017 - 04.2018 жылдары «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасы» ММ-нің басшысы;

09.2018 - 09.2020 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының» доценті;

01.09.2020 - 05.01.2021 жылдары ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің ғылыми қызметкері.

05.01.2021 жылдан бастап қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы.

Жас ғалым түрлі конкурстар мен жобаларға белсене қатысып келеді. 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы жастары арасында ұйымдастырылған «Жыл үздігі» байқауында «Үздік жас ғалым» жастар сыйлығына ие болған. Ғылым мен білім саласында атқарған жұмыстары мен қосқан үлесі үшін С.М.Гиззатов 2012 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасымен, 2020 жылы Қазақстан Тарихшылары Ұлттық конгресінің алғыс хатымен марапатталған.