Музейдегі мектеп күні

«Музейдегі мектеп күні» – ҚР Ұлттық музейінің мәдени-білім беру жобасы. Бұл жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған «Балалар жылы» аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен іске асырылып отыр.

 

Оқулықта көрсетілген тақырыптарға сәйкес, Ұлттық музей қорындағы жәдігерлерді пайдалана отырып, 5-9 сынып оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша теориялық білімін практика жүзінде бекітуге бағытталған.

 

Сабақтар музейдің экспозициялық залдарында және онлайн форматта өтеді. Интерактивті сабақтарды ҚР Ұлттық музейінің жетекші мамандары Астана қаласы орта мектептерінің тарих пәні мұғалімдерімен бірігіп өткізеді. Әр сабақтың ұзақтығы – 35-45 минут аралығында. Сабақ кезінде оқушылар музей экспозицияларындағы жәдігерлердің көшірмелерін ұстап көріп, жақын танысуына мүмкіндік жасалады. Сабаққа өтінімдер 7 күнтізбелік күн бұрын қабылданып, әр бейсенбі сайын түске дейін және түстен кейін 2 сабақтан өтеді.

 

Жобаның онлайн форматы бейнесабақтар арқылы жүзеге асырылады. Әр бейнесабақтың ұзақтығы – 5-7 минут. Бейнесабақтар мектептердегі оқу бағдарламасының күнтізбесіне сәйкес, ҚР Ұлттық музейінің ресми сайтына салынады.

 

Сабақтардың тақырыбы мен мазмұны ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес келеді.