Зал экспозициясы тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір дәуірі және ортағасырлар кезеңіне бөлінген 4 тақырыптық бөлімдерден және ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттеулеріне арналған бөлімшеден тұрады. Залдың жапы ауданы 1776.3 шаршы метрді құрайды.
«Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» залы қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне арналып, көшпелі өркениеттің салт-дәстүрі және әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын дәріптеуде ерекше маңызға ие. Зал экспозициясында музей көрермендері назарына қазақ халқының XIX-XX ғасырлардағы зергерлік әшекейлері, дәстүрлі киім үлгілері, киізден жасалған үй бұйымдары мен кілем түрлері және үй жиһаздары ұсынылады. Залдың жапы ауданы 672.8 шаршы метрді құрайды.
Қазақ жерінің сан ғасырлы тарихын таныстыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің басты залдарының бірі «Қазақстан тарихы» залы. Залдың жалпы ауданы 1481.5шаршы метрді құрайды. Экспозиция үлкен және екі кіші залда орналастырылған. Экспозицияның негізгі бөлігінде XIII -XX аралығында қазақ даласында болған саяси оқиғалар, көшпелі мәдениеттің қалыптасуы мен қазақ халқының рухани өмір салты бейнеленген. Экспозицияда қазақ мемлекетінің құрылуы, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы, қазақ руларының жоңғар жауларшыларына қарсы күресі, қазақ жерінің Ресей империясының құрамына кіруі және ХХ ғасырдың аяғына дейінгі басқа да тарихи процестер туралы баяндалады.
«Материалдық емес мәдени мұра» залыЗал экспозициясы 8 бөлімді қамтиды және видео-контентпен сүйемелденген. Материалдық емес мәдени мұра – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салт-дәстүр, түсініктер мен пайымдардың нысандары, білім мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар мен заттардың жиынтығы. Залдың жапы ауданы 647.7 шаршы метрді құрайды.
«Нұр-Сұлтан» залыНұр-Сұлтан залы тәуелсіз Қазақстанның елордасы ретінде Астана қаласының пайда болуы, қалыптасуы және дамуы тарихын бейнелейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілердің, фотодеректі материалдардың жүйеленген жинағы түрінде ұсынылған. Зал материалдары хроникалық-деректі тәртіппен қойылған. Ол қаланың ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихын шолуға мүмкіндік береді. Залдың жапы ауданы 2065.7 шаршы метрді құрайды.
«Тәуелсіз Қазақстан» залыТәуелсіз Қазақстан залында мемлекеттің қалыптасуынан бастап саяси және экономикалық реформалардың жүргізілуі, жаңа өнеркәсіптің құрылысы, сыртқы саясаттағы жетістіктер, білім мен ғылым, мәдениет пен спорт саласындағы реформалар айқын көрсетіледі. Залдың жапы ауданы 2065.7 шаршы метрді құрайды. Залдың экспозициясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құру және нығайтудағы тарихи рөлі жан-жақты ашып көрсетеді.
«Асыл мұра» залы«Асыл мұра» залында, негізінен, жеке коллекциядан алынған музей заттары ұсынылған. Мемлекет қайраткері И. Тасмағамбетовтың жеке коллекциясы XVIII-XX ғғ. жататын қазақ халқының қолданбалы өнер туындыларының бірегей жиынтығы болып табылады. «Асыл мұра» залында зергерлік әшекейлер, әйелдер мен ерлердің белдіктері, ат-әбзелдері және археологиялық заттар ұсынылған. Залдың жапы ауданы 486.3 шаршы метрді құрайды.
«Көне түркі өркениеті» залы«Көне түркі өркениеті» залы Ұлы дала төсінде империялық дәрежеге жеткен ортағасырлық түркілердің материалдық, рухани мәдениет құндылықтарына арналған.
Ежелгі өнер және технологиялар» залыЗал көрмесінде назарларыңызға ел тарихынан сыр шертетін қола дәуірінен бастап, ерте темір дәуірі мен кейінгі орта ғасырларға тән жәдігерлермен қойылған. Залымызда негізгі жәдігерлер ел тарихында ауқымды кезеңді қамтитын ерте темір дәуіріне тән археологиялың олжалардан тұрады. Залдың жапы ауданы 1027.2 шаршы метрді құрайды 2 қабат, 3 қабат 1235.0 шаршы метр.
Графика және мүсін залыЭкспозиция Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуы туралы баяндайды: графика – Е. Сидоркин, А.Дінікеев, Ү.Әжиев, Н.Аштем, С.Айтбаев, М.Ержанов, А. Ысмайылов, А.Ақанаев, Қ.Закиров, П.Антоненко, Н.Гаев, В. Толчинский. мүсін өнері бойынша – Қ.Нұрбатыров, А.Билык, Ю.Буштрук, Е. Мергенов, Е.Сергебаев, А.Құмаров, Д.Сәрсекеев, Н.Мұхатаева, П.Иванов, Д. Бродская. Залдың жапы ауданы 244.5 шаршы метрді құрайды