Тарихи және көркемдік маңыздылығын сақтай отырып, ластанған, бүлінген экспонаттардың бастапқы көрінісін қайталауды қамтамасыз етеді;
Бұйымды реставрациялаудың көркемдік жобасын жүргізеді, реставрациялау жұмыстарын жүргізу әдістемесін әзірлейді;
Оларды жүргізу үшін материалдарды таңдайды, реставрацияланатын бұйымның жай-күйін қарап-тексеруді және сипаттауды жүзеге асырады, зерттеу нәтижелері негізінде қираудың себептері мен сипатын белгілейді.
Көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы музейлердің саясатын өзектендіру және ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы әзірлейді;
Бұқаралық ақпарат құралдарында, өңірлік музейлердің тарихы мен коллекциялары туралы ақпараттың электрондық басылымдарында жарияланымдарды дайындауды және талдауды жүзеге асырады;
Барлық бағыттар бойынша өңірлік музейлердің қызметін үйлестіру және дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады, музейаралық бағдарламалар мен жобаларды ұйымдастырады;
Институттың тақырыптық жоспарында көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады және олардың тиісті білім саласы бойынша даму перспективаларын айқындайды, зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу әдістері мен құралдарын, ғылыми және техникалық міндеттер бөлімшесінің алдына қойылған шешу жолдарын таңдайды;
Институттың жобаларын, перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді;
Түрлі тұжырымдамалардың, бағдарламалардың, заңдардың, әлеуметтік-экономикалық реформаның жүйелік-ғылыми негіздерінің, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларының, Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, зияткерлік меншік нарығын және өз зерттеулерінің бағыттары шеңберінде тиісті инфрақұрылымды дамыту үшін нормативтік құқықтық базаның жобаларын әзірлеуге қатысады;
Эскиздер жасайды және әртүрлі сипаттағы жарияланымдарды (журналдарда, кітаптарда, басқа басылымдарда), жобаларды, есептерді, ақпараттық және жарнамалық материалдарды көркемдеп безендіру бойынша жұмыстарды орындайды; әр түрлі эскиздер әзірлейді және т.б.;
Сәулет құрылыстарының интерьерлерін, экстерьерлерін 3D-форматта үлгілейді және эмблемалар мен логотиптердің дизайнын әзірлейді.
Музейде экскурсиялар мен ғылыми-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша өз қызметін жүзеге асырады;
Жоғары ғылыми және танымдық деңгейде экскурсиялар жүргізеді, келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етеді;
Белгіленген нормаларға сәйкес экспозициялар, көрмелер бойынша дәрістер өткізеді.