Басшылық

Абай Кәрімтайұлы Сатубалдин

Абай Кәрімтайұлы Сатубалдин

Абай Кәрімтайұлы Сатубалдин 1983 жылғы 24  наурызда дүниеге келген.

Білімі:

2000-2004 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша бітірген.

2006-2008 жж. Еуразия Ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Археология және этнология магистрі.

2010-2012  жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының   магистратурасын бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

2016-2020 жж. Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік  университетінің  аспирантурасын бітірген.  

Жұмыс тәжірибесі:

2004-2005  жж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығының жоғары ғылыми  қызметкері;

2005-2007жж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті музейінің  жоғары ғылыми  қызметкері;

2007-2008 жж.   Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи – мәдени мұра департаментінің бас маманы;

2008-2014 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет комитетінің бас сарапшысы;

2014-2015  жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаментінің бас сарапшысы;

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының қор қызметі жөніндегі орынбасары.

Қосымша білімдері:

2009 ж. қыркүйек – қазан айлары аралығында Санкт-Петербор мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде  «Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында қысқа мерзімді білім алды (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербор қ,);

2011ж. Америка Құрама Штаты, Батыс Каролина округі, Дюрам қ., Сэндфорд Дьюка атындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Институтта  тағылымдамадан өтті.