Басшылық

Смағұлов Жанат Мұратұлы

Смағұлов Жанат Мұратұлы

Туған күні, айы, жылы және туған жері: 21 қыркүйек 1972 жыл. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Покровка ауылы.

Ұлты: қазақ.

Білімі:

1990-1995 ж.ж. – С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы;

1999-2002 ж.ж. – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы Академиясы – заңгер. 

Жұмыс өтілі:

1995 жылдан 1997 жылдар аралығында Ақмола облысы Целиноград ауданы, Луговской орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. 

1997 - 1998 ж.ж. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қатардағы  қызметкер; 

1999 – 2009 ж.ж. Астана қаласы Ішкі істер департаментінде кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторынан бөлім бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарына дейін; 

2009 -2019 ж.ж. ҚР Ішкі Істер Министрлігі жетінші департаментінде аға күзет қызметкерінен бастықтың орынбасары қызметіне дейін; 

2019 жылдың 30 желтоқсанынан полиция полковнигі дәрежесімен зейнеткер. 

2012 жылдың 27 сәуірінен 2021 жылдың 14 мамырына дейін ТОО «Стройкласста» кадр бөлімінің бастығы. 

2021 жылдың маусым айынан 2022 жылдың қараша айы аралығында АО «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы.