Тянцзиньдегі «Алтын адам және Ұлы дала» көрмесін 1 млн аса адам тамашалаған
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Тяньцзинь қаласының Тяньцзинь музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан «Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі өтуде. Үш ай ішінде көрмені 1 миллионнан астам адам тамашалады, бұл Қазақстанның мәдени мұрасына деген жоғары қызығушылықты көрсетеді. Көрме 2025 жылдың ақпанына дейін жалғасады.
Табысты ынтымақтастықты жалғастыру аясында 2025 жылы ҚР Ұлттық музейінде Тяньцзинь музейі коллекциясынан көрме өтеді.
Берік Әбдіғалиұлы Тяньцзинь музейінің директоры Яо Янмен кездесті. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы уақытта мәдени алмасулар мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тяньцзинь музейі 1918 жылы негізі қаланған. Бұл Қытайда құрылған алғашқы музейлердің бірі. Қорында көне қытай бейнелеу өнері мен артефактілерінің жинақтары сақталған, соның ішінде каллиграфия, кескіндеме, қола және нефрит бұйымдары, керамика, монеталар және тарихи құжаттар бар.