12-16 қараша күндері Ресей этнографиялық музейінде (Санкт-Петербург қ.) Бүкілресейлік сәндік өнер музейінің бастамасымен кешенді «Достастық мұрасы. Келешектің дәстүрлері» атты ауқымды бағдарлама аясында Халықаралық «Музей және дәуір» конференциясы өтуде. Оның жұмысына Ұлттық музей директорының м.а. Айбек Сыдыков пен музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Ғиззатов қатысып жатыр.
Айбек Сыдыков конференцияда «Қазіргі әлемдегі әлеуметтік жады институты» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында «Ұлттық жобалар мен музей бастамаларының жарқын үлгілеріне назар аудара отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы мәдени егемендік пен мемлекеттік мәдени саясаттың ажырамас рөлін» атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мәдени ынтымақтастықты дамытудағы, ұлттық мәдени брендтерді бөліп көрсетудегі және халықаралық форумдарға, көрмелерге қатысу және көптеген елдерді мәдени мұралармен алмасуға тарту арқылы дәстүрлер мен инновацияларды біріктірудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Айбек Сыдыков өз сөзінде мәдени құндылықтарды виртуалды басқарудың бірегей құралы - цифрлық реституцияны енгізу арқылы мәдени алмасу саласындағы жаңа парадигмаға бастамашы болып, бұл мәселені келесі конференцияның күн тәртібіне енгізуді ұсынды.