Суретші Оралбек Қабөкенің жеке көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Суретшілер одағы мен «Іздер» суретшілер тобының мүшесі Оралбек Қабөкенің «Бейне» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрмеге автордың 90-ға жуық туындысы қойылды. Басым бөлігі - автордың 2022 жыл ішіндегі шығармашылық ізденісінің жемісі.

Көрменің ашылу салтанатына суретшілер қауымы, қоғам қайраткерлері, дипломатиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Аталмыш шара аясында Оралбек Қабөке «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Болашақ суретшілер, дизайнерлер мен мәдениеттанушылар қылқалам шеберінің отбасы институты, дала өркениеті тақырыптарына қатысты картиналарын талқыға салды.

Көрме жұмысы ағымдағы жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Оралбек Қабөкенің туындыларын Ұлттық музейдің 4 қабатында орналасқан №2 бейнелеу өнері залында тамашалауға болады.