Афиша

Бөкей Ордасы - ел мұрасы» атты көрме өтеді

Бөкей Ордасы - ел мұрасы» атты көрме өтеді
2021 жылғы 11 қараша күні сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Бөкей Ордасының 220 жылдығы және Қазақстандағы тұңғыш мектеп – Жәңгір училищесінің 180 жылдығы аясында «Бөкей Ордасы - ел мұрасы» атты көрме өтеді. Шараның мақсаты – Бөкей Ордасының тарихын кең көлемде насихаттау, Бөкей хандығынан қалған тарихи-мәдени мұраны сақтау, хан Жәңгір негізін қалаған Хан Ордасының туристік дамуына ықпал ету. Көрме аясында ХІХ ғасырда мәдениет пен өнер, білім мен сауда-саттық дамыған орталық болған, Бөкей негізін қалап, Жәңгір жаңартқан тарихи мекеннің екі ғасырдан астам шежіресі көрініс табады. Залда «Бөкей хан», «Жәңгір хан», «Бөкей Ордасындағы реформалар», «Исатай-Махамбет», «Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес кезеңі», «Бөкей Ордасының атақты тұлғалары» және «Бөкей Ордасы ауданы» тақырыбында жәдігерлер орналастырылады. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Бөкей хандығы – өркениет ордасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция жұмысына музейтанушылар, тарихшылар, археологтар, этнологтар, этнографтар, өнертанушылар және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысады. Айта кетейік, шара Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен Мәдениет басқармасы, Бөкей Ордасы ауданы әкімдігі және Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығымен ұйымдастырылуда.