ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының көгілдір бір түстілігі тек бірігу идеясын ұстануды ғана емес, сонымен қатар әрдайым бейбітшілік, тыныштық пен амандықты бейнелейтін бұлтсыз аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы-суретші Шәкен Ниязбеков. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде-бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан"деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай - ақ "Қазақстан" деген жазу-алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол Елтаңбаның жүрегіне айналды.
Бұл ошақ, әлемнің тұтастығы, отбасы мемлекетінің іргелі негізінің символы.
Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының бейнесі. Тұлпар-егеменді Қазақстан жүйесінің сақталуының нышаны. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба бес бұрышты Жұлдызшамен көмкерілген. Әр адамның өзіндік, бағыттаушы жұлдызы бар. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
Сөз авторлары: Жумекен Нажимеденов, Нурсултан Назарбаев Музыка авторы: Шамши Калдаяков
Алтын күн аспаны, Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Ұрпаққа жол ашқан, Қайырмасы:
Менің елім, менің елім, |