Әлемге әйгілі қытай жазушысы Ұлттық музейге келді

Әлемге әйгілі қытай жазушысы, қазіргі қытай әдебиетінің көрнекті өкілі, 2012 жылғы Нобель әдебиеті сыйлығының лауреаты Мо Янь Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне арнайы келді.

Мәртебелі қонақ музейдің Ұлы даланың тас мүсіндер залын, Алтын залдарды және этнография экспозициясын аралап, қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты. Экскурсия барысында ол көшпенділер өркениетінің тарихы мен Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасына ерекше қызығушылық танытты.

Мо Янь Құрметті қонақтар кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, «Жібек жолы – ұлттың асыл қазынасы» деп жазды. Сондай-ақ, ол Астана қаласының сәулетіне және келбетіне тәнті болғанын жеткізіп, Қазақстанның мәдениеті мен тарихына жоғары бағасын берді.

Ұлттық музей ұжымы мәртебелі қонаққа алғысын білдіріп, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.