31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «ХІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы» залында «Саяси қуғын-сүргін құрбандары – халық жадында» атты тақырыптық экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында келушілер ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін кезеңінің қасіретті тарихымен, ашаршылық жылдарындағы халық тағдырымен және жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялыларының өмір жолымен танысты.
Экспозицияда ұсынылған архив құжаттары, фотосуреттер, тұтқындардың жеке заттары мен тарихи жәдігерлер арқылы тоталитарлық жүйенің қазақ халқына әкелген зардаптары кеңінен баяндалды.
Тақырыптық экскурсияда Алаш зиялыларының қоғамдық қызметі, лагерьлер тарихы әрі саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры ерекше аталып өтті.
Экскурсияның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, өткеннің қасіретті сабақтарын ұмытпауға шақыру, жазықсыз құрбан болған жандардың рухына тағзым ету және тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру.
Экскурсия жүргізушісі: Лина Серік.