12 сәуір – Адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа сапар шеккен күн. Бұл күн бүгінде Халықаралық ғарышкерлер күні ретінде аталып өтеді.
Атаулы күнге орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» залында музей қонақтарына «Ғарыш қырандары» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Экскурсия барысында келушілер ғарыш тақырыбына байланысты Ұлттық музей қорынан ұсынылған жәдігерлермен және бірқатар құжаттармен танысып, ғарышкерлердің ерен еңбегі мен еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктері туралы мәліметтер алды.
Экскурсия жүргізуші: Айдана Серік.