Афиша

«Жер аударылғандар» көрмесі

«Жер аударылғандар» көрмесі
Ұлттық музейде «Жер аударылғандар. Қазақстанға жер аударылған поляктар мен олардың отбасыларының тағдыры» атты көрме ұсынылады.

Экспозицияда жер аударылған поляктардың жеке тектік құжаттары, естеліктері, жазбалары, фотосуреттері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы анықтамалар көрсетіледі.

Іс-шараны Астанадағы Польша Елшілігі, Ұлттық музей, Екінші дүниежүзілік соғыс музейі, Сібір жады музейі, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп ұйымдастырады.

Көрме 20 қыркүйекке дейін жалғасады.