«Ұлы дала алтындары» көрмесі ашылды

Бүгін, 20 қыркүйек күні, музейде ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Ұлы дала алтындары» көрмесі ашылды.

Көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен құнды заттар қойылды. Бұл жәдігерлер - 2016 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан археологиялық ғылыми-зерттеу жобасының барысында табылған артефактілер.

Құндылықтар біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықта дамыған қоғам мен өзіндік ерекше мәдениеті бар көшпелілер өркениетінің болғанын, оның қалыптасуы тау-кен өнеркәсібіне, металлургияға және озық қолөнерге негізделгенін дәлелдейді.

Ал көшпелілер дәуіріндегі зергерлік бұйымдар өркениет дамуының ең биік деңгейін, сондай-ақ, өткен ғасырлардағы зергерлердің тамаша шеберлігін көрсетіп, қазақ халқының тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Көрме ҚР Ұлттық музейінде 2024 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.