Жібек жолы музейлерінің Халықаралық альянсының үшінші конференциясы

2023 жылғы 1 қарашада Бейжің қаласында Жібек жолы музейлерінің Халықаралық альянсының үшінші конференциясы өтті. Конференцияға Беларусь, Йемен, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Лихтенштейн, Моңғолия, Мьянма, Ресей, Сербия, Фиджи елдері жетекші музейлерінің басшылары қатысты. Конференция барысында Альянстың вице-президенті болып ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдыков сайланғаны жарияланды. Конференцияның бірінші сессиясы аясында Айбек Сыдыковтың «Адамзаттың ортақ құндылықтарын дамытудағы музейлердің рөлі» атты баяндамасын Ұлттық музейдің Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Құмар Жүнісов оқып берді. Баяндамада мәдени коммуникациялар орталықтары ретіндегі музейлердің әлеуеті мен еліміздің мәдени мұрасын дамыту бойынша қазіргі музейлердің ресурстарына қатысты мәселелер қозғалды.