Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдыков Қытай Ұлттық музейі директоры Ван Чунфамен кездесті

2023 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдыков Қытай Ұлттық музейі директоры Ван Чунфамен кездесті. Кездесу барысында тараптар музейлер арасындағы, оның ішінде Халықаралық Жібек жолы музейлер альянсы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесін талқылады. Айбек Сыдыков пен В. Чунфа музей ісі саласындағы, оның ішінде көрме және ғылыми-зерттеу қызметіндегі қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, Альянс желісі бойынша бірлескен шаралар ұйымдастыруға, сол сияқты өзге де серіктестермен бірлесіп жұмыс жасауға келісті. Айбек Жексеналыұлы Халықаралық Жібек жолы музейлер альянсының Үшінші конференциясына шақырылғаны үшін алғысын білдірді.