ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдыковтың Сарай-музей директорының м.а. Лоу Веймен кездесуі

2023 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры м.а. Айбек Сыдыков Сарай-музей (Жабық қала) директорының м.а. Лоу Веймен кездесті. Кездесуде тараптар музейлер арасындағы болашақ әріптестік мәселелерін талқылады. Тараптар археологиялық қазба жұмыстары, ғалымдармен және көрмелермен алмасу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың мәдениет мекемелері арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығын сезіне отырып, ынтымақтастық туралы келісім жасауға дайын екендіктерін білдірді. Айбек Сыдыков музейге келген кезінде «Ынтымақтастық жолындағы көркейген әлем: «Бір жол, бір белдеу» ынтымақтастығы» көрмесімен танысты. Көрмеге Ұлы Жібек жолының ұзаққа созылған тарихын ашып беретін Қазақстан (Есік музейі), Өзбекстан және БАӘ-нің төрт мәдени мекемесінен 84 экспонат, сол сияқты Қытайдың 10 аймағынан 13 коллекциялық бірлік қойылған. Сарай-музей ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің тікелей құзырындағы бірінші деңгейдегі музей саналады. Музей коллекциясында 1,8 миллионнан астам жәдігер сақталған.