Нанкин қаласында Музей директорларының халықаралық ІІ форумы өтіп жатыр

2023 жылғы 7 қарашада Нанкин қаласында (ҚХР) Нанкин көркемөнер университетінің Халықаралық музеология мектебі ұйымдастырған Музей директорларының халықаралық ІІ форумы ашылды. Іс-шараға «Синьхуа» ақпараттық агенттігі, Нанкин қаласы әкімшілігі, Нанкин музейі қолдау көрсетті. Форумның тақырыбы – «Музейлердегі цифрлық инновациялар». Форум жұмысына үкіметтік ұйымдардың, университеттердің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, БАҚ-тың 300-ден астам өкілі қатысты. Ашылу салтанатында Қытай Ұлттық музейінің директоры Ван Чунфа, Азия өнері музейінің президенті Гиме Янник Линц, Қытай ұлттық көркемөнер музейінің директоры Ву Вейшан және т.б. бейнеүндеулерін жолдады. Форумның екінші бөлімінде тақырыптық секциялар ұйымдастырылып, ҚР Ұлттық музейінің Қорды есепке алу бөлімінің жетекшісі Тоғжан Адильбекова «Музей заттарын цифрлау және автоматтандырылған «Музей» жүйесі» деген тақырыпта баяндама жасады. Форум аясында қатысушылар арасында музей қызметін дамыту мен жетілдіруге бағытталған инновациялық цифрлық технологияларды ендіру саласы бойынша пікір алысу мен тәжірибе алмасу орын алды.