Балалар келсе, музейге жан бітетін сияқты. Төл тарихымыз мен ұлттық мұрамызды білсін, тереңірек ұғынсын деген ниетпен әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырамыз. Осындай маңызды жобалардың бірі - балаларды дәстүрлі қолөнерімізбен таныстыратын «Әсемдікке құштарлық» жобасы.
Жаңа жыл қарсаңында өткен шеберлік сабағында балалар оюларын ойып, үй ішін, шыршаны безендіруге арналған ойыншықтар жасады.
Мұндай сабақта балалар бір жағынан ұлттық ою түрлерімен танысса, екіншіден қол моторикасын дамытып, өз қолымен бұйым жасауды үйренеді.
Бұған дейінгі сабақтарда музей педагогы Амангүл Халимбайдың жетекшілігімен қыздар киіз басуды үйреніп, ұлдар музей реставраторларының зергерлік бұйымдарды жасау процесімен танысты.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Балаларды музейге әкеліп, олардың білімі мен білігін арттыруға бәріміз бірге атсалысайық! Музейде жүздескенше, достар!