Айбек Сыдыков «Уффици достары» қауымдастығының отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Тосканадағы (Италия) құрметті консулы Федерико Альбини мырзаның шақыруымен 5 қазан күні ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдыков «Уффици достары» ("Amici degli Uffizi") қауымдастығы ұйымдастырған музей және мәдени патронаждың Бас штаттарының үшінші отырысына қатысты. Отырыс Флоренциядағы Уффици галереясында өтті. Бұл Қазақстан музей қоғамдастығының өкілі қатысқан «Уффици достары» қауымдастығының алғашқы іс-шарасы.

Іс-шараға қатысушылар: «Уффици достары» қауымдастығының төрағасы Мариа Витториа Римботти, The Place of Wonders қорының төрағасы Микела Бабини, Роял Опера Хаус рим мұрасы меценаттарының басшысы Майте Булгари, Дубайдың Болашақ музейінің атқарушы директоры Лат Карлсон, Тель-Авив өнер музейінің директоры Таня Коэн-Уцциелли, Брешиа музейі қорының директоры Штефано Караджов, Париж сәндік өнер музейінің директоры Кристин Масель және басқалар.

Отырыс барысында мемлекеттік және жеке музейлік пен мәдени қызметті қолдаудың меценаттықтың мәселелері мен үздік тәжірибелері талқыланды. Цифрландыру сияқты мәдени қоғамдастықтың алдында тұрған жаңа сынақтарға және ірі компаниялардың меценаттық қызметке деген қызығушылығының артуы сияқты жаңа тенденцияларға ерекше назар аударылды.

Айбек Сыдыков өз баяндамасында мәдениетті мемлекеттік және жеке қолдау контекстінде Қазақстанның мәдени тәжірибелеріне қысқаша шолу жасады, Ұлттық музейдің тәжірибесін талдай отырып, мәдени мұраны цифрлық реституциялауды қолдайтын халықаралық қозғалысқа бастамашы болды. Сондай-ақ, Айбек Сыдыков «мәдени институттар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа» және «барлық мүдделі тараптармен диалог пен ынтымақтастыққа» дайын екендігін білдірді.

Айбек Сыдыков Қазақстанның құрметті консулы Федерико Альбини мырзаға шақырғаны және жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Италияның екіжақты қарым-қатынастарының одан әрі дамуына үміт артатынын айтты.