«Ғұлама ғұмыры» тақырыбындағы музейлік сабақ

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында ақын, ойшыл, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған «Ғұлама ғұмыры» тақырыбында музейлік сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы мысалында оқушылардың азаматтық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Cабаққа Астана қаласы №72 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шапаны мен тақиясы таныстырылып, ребус, анаграмма, ойын форматында түрлі тапсырмалар берілді. Кейін сабаққа қатысқан оқушылар қазақ және орыс тілдерінде өлең оқыды.