«Мәдени мұра» ғылыми журналы мақалаларды жариялауға шақырады

Құрметті ғалымдар мен ізденушілер!

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі шығаратын «Мәдени мұра» журналы ғылыми-танымдық бағытын өзгертіп, 2020 жылдан бастап ғылыми журналға айналды.
«Мәдени мұра» журналы археология, этнология, тарих, антропология, музей ісі, өнертану және аталған ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер бойынша өзекті мәселелерге арналған отандық және шетел ғалымдарының еңбектерін қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылдап, жариялайды. Журнал жылына 4 рет шығады.
Журналдың жеке https://madenimura-journal.kz/ сайты жасалып, жұмыс істеп тұр және әр мақалаға ДОІ немесе сандық объектінің идентификаторы беріледі.
Журнал келешекте ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар тізіміне, Scopus, Web of Science деректер базасына енуге мақсат қойып отыр.
Осыған орай, ізденістеріңіздің нәтижелерін біздің журналымызда жариялауға шақырамыз.

Құрметпен,
«Мәдени мұра» журналының редакциясы