Ұлттық музейде "Сазтерапия" шеберлік сабағы өтті

2023 жылғы 15 маусымда ҚР Ұлттық музейінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған «Мейірім» әлеуметтік жобасы аясында «Сазтерапия» шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты:
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- олардың инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруіне жәрдемдесу;
- шығармашылық арқылы оқушылардың дарындылығы мен даралығын дамыту.

Шеберлік сабағына Астана қаласы әкімдігі «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен №2 арнайы мектептің оқушылары және музейге келген балалар қатысты.

Сабақты қыш өнерінің шеберлері Еркінбек Есімов пен Тәуір Жолдыбеков өткізді.

Аталмыш шара аяқталған соң балаларға музей бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

Ұлттық музейде "Қолөнер ғаламшары" үйірмесі айына 2 рет өткізіледі.