Музей ісінің майталмандарымен кездесу кеші өтті

Бүгін Халықаралық музейлер күніне орай, «Жаныңда жүр жақсы адам» атты музей ісінің майталмандарымен кездесу кеші өтті.

Шараның мақсаты: музей - қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, азат еліміздің жас ұрпақтарының сана-сезімін өршіл болып қалыптастыру. Салтанатты шараны Экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің басшысы Беисова Жанар Сағымбайқызына құттықтау сөзімен бастады.

Аталған шара барысында музей ісінің майталмандары Мәдениет қайраткері, «Иком» халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі Сахан Асайынқызы мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер Одағының мүшесі Берік Сатенбекұлының ерен еңбегі мен өнегелі өмірі туралы сұхбаттасу болды. Қос еңбек ардагеріне оқушылар сұрақ қойып, музей ісінің қызығы мен маңыздылығы жөнінде әңгімесін тыңдады.

№78 және № 91 мектеп-гимназиясының талантты оқушылары қонақтарға ән мен күйден шашу шашты.