ҚР Ұлттық Музейі қызметкерлері республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

         12 мамыр күні ҚР Ұлттық Музейі қызметкерлері «Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен сақтаудағы музейлердің рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шара Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат тарихи-өлкетану музейінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

       ЖОО-ның ғалымдары, республикалық музейлердің басшылары мен қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысқан коференцияда: музейтану ісіндегі өзекті мәселелер, өңірлік өлкетану музей ісін дамытудағы негізгі бағыттар, музейдегі ғылыми-зерттеу, ғылыми-қор жұмыстарын жүргізудегі жаңа әдіс-тәсілдер, өскелең ұрпақтың санасын қалыптастырудағы музейлік білім және тәрбие беру іс-шаралары, музейаралық байланыс орнату мәселелері талқыланды.

Ұлттық Музей қызметкерлері музейдің ғылыми-зерттеу, қор сақтау,      реставрация, экспозициялық-көрме құру бағыттары бойынша баяндама оқып, практикалық жұмыстарды көрсетті.