«Ән падишасы – Әміре» музейлік сабағы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына арналған «Ән падишасы – Әміре» музейлік сабағы өтті.

Iс-шараның басты мақсаты: әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан-жақты талдай отырып жасөспірімдердің ой - өрісін, өнерге деген көзқарасын кеңейту, шығармашылық қабілетін ұштау, ән құдіретін бағалай білуге баулу, қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.

Музейлік сабаққа Астана қаласының орта мектеп оқушылары мен оқытушылары қатысты. Оның ішінде №63 мектеп гимназиясы, №83 мектеп лицейі және №23 мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «БИНОМ» мектебінің музыка пәні жетекшісі әннен шашу шашты.

Бүгінгі Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі ұйымдастырған шара әншінің шығармашылығы мен өмірінің негізгі деректерімен танысуға мүмкіндік берді, сондай-ақ қазақтың музыкалық мұрасына деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті деуге болады.