«Шаңырақ» жобасы аясында музейлік квест сабағы ұйымдастырылды

21 сәуір күні жоспарлы түрде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі музейлік квест сабағын өткізді.

«Шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға «Қазақ дастарханы», «Табақ тарту жоралғылары», ұмыт болған «Быламық», «Белкөтерер» «Үлпершек», «Жаужүрек» ұлттық тағамдары жайлы айтылды. Сабаққа №78 мектеп - гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты.

Сабақтың мақсаты: Ата-бабамыздан бізге жеткен ұлттық салтымыз бен əдет-ғұрыптар туралы түсінік беру. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші салт - дәстүр арқылы жеткіншектердің Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Үш мың жылдық тарихы бар салт-дəстүр мен мəдениетіміз осылайша, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бізге жеткен ұлттық салтымыз бен əдет-ғұрыптың жас ұрпаққа берер өнегесі зор.

Квест сабағына белсене қатысқан оқушылар білімдерін ортаға салып арнайы дайындалған сөзжұмбақты шешіп, өзге ұлт тағамдарымен де танысты.