«Майшаммен сурет салу» шеберлік сабағы өтті

        21 сәуір күні ҚР Ұлттық музейінде «Майшаммен сурет салу» шеберлік сабағы өтті. Сабаққа Астана қаласы әкімдігінің «Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-нің 6 сынып оқушылары қатысты.

    Үйірменің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру, психологиялық, педагогикалық көмек көрсету, бала бойындағы дарындылықты арттырып қоймай, оның әрі қарай дамуына, өмір сүру дағдысының өркендеуіне көмектесу.

   Шеберлік сабағының ерекшелігі: дәстүрлі емес әдісті пайдалану. Үйреншікті қылқалам, қарындашпен сурет салу біліктілікті талап етеді. Нәтижесінде баланың сурет салуға деген ынтасы азаяды. Ал бүгінгі дәстүрлі емес әдіс арқылы оқушылардың сурет салуға деген қызығушылықтары артты. Себебі бұл тәсілдің құралдары қызықты, әрі сурет салу жолы оңай. Сонымен қатар сабақ барысы уақыт тиімділігімен ерекшеленді. Дәстүрлі емес әдіспен сурет салудың денсаулыққа да оң әсері бар. Көру және саусақ моторикасының жақсы дамуына пайдалы. Сабақ соңында балалар өз туындыларына көңілі толғанын білдіріп, ұстаздарымен қуаныштарын бөлісті.