Ежелгі әйелдің сән-салтанаты

Әйел болып, сұлу болмау, 
Табиғатты алдаумен тең емес пе?... 
М.Шаханов

Әдемілік қашанда әйел табиғатына тән. Жалпы біз «әйел» атауын осы бір әсемдік, сұлулық, нәзіктік секілді сөздермен байланыстырамыз. Бұл бір қалыптасқан қағида секілді. Әр әйел адам әдеміліктің сырын білуге, жан-жағын сұлулығымен тамсандыруға ұмтылатыны анық. Сондықтан қай заманда болса да нәзік жандылар сырт келбеттің маңыздылығын естен шығармаған деп айтуға болады. Оның бір көрінісі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық әшекейлеріміз: әжелеріміздің білезігі мен  аналарымыздан қалған жүзік, сырғалар. 

Қазақ әйелдері ежелден-ақ киімнің тәуірін киіп, әшекейдің ең асылын таққан. Дегенмен әйелдің сән салтанатпен жүруі үшін қолданылатын сәндік заттардың тарихы одан әріде десек қателеспейміз. Бұған еліміздің түкпір-түкпірінен табылған бұйымдар дәлел бола алады. 

Назарларыңызға ҚР Ұлттық музейі қорындағы ежелгі әйел адамдардың әшекейлерін ұсынамыз.

Моншақты түйреуіштер. Темір, тас. Бұрғылау, тегістеу, құйма. IV-VІ ғғ.

1. Моншақты түйреуіштер. Темір, тас. Бұрғылау, тегістеу, құйма. IV-VІ ғғ. 


Алқа. Ж.с.д. VI-V ғғ. Нагорненский қорымы.

2. Алқа. Ж.с.д. VI-V ғғ. Нагорненский қорымы.


Салпыншақты сырға. Алтын. Ж.с.д. VII-VI ғғ. Ақбейіт-1 қорымы, Орталық Қазақстан

3. Салпыншақты сырға. Алтын. Ж.с.д. VII-VI ғғ. Ақбейіт-1 қорымы, Орталық Қазақстан


Білезіктер. Алтын. Ж.с.д. VI-V ғғ. Тақсай-1 қорымы, Батыс Қазақстан

4. Білезіктер. Алтын. Ж.с.д. VI-V ғғ. Тақсай-1 қорымы, Батыс Қазақстан


Білезіктер. Қола. Құйма. Бөріжар қорымы. IV-VI ғғ.

5. Білезіктер. Қола. Құйма. Бөріжар қорымы. IV-VI ғғ.


Пасталы моншақтар. Ижевский қорымы.

6. Пасталы моншақтар. Ижевский қорымы.


Спираль тәрізді білезіктер. Қола. Құйма. Ижевский, Жангелді қорымдары. Спираль тәрізді жүзік. Қола. Құйма. Жангелді қорымы.

7. Спираль тәрізді білезіктер. Қола. Құйма. Ижевский, Жангелді қорымдары.       Спираль тәрізді жүзік. Қола. Құйма. Жангелді қорымы.


Металл моншақ. Ж.с.д. VIII-VI ғ.ғ.

8. Металл моншақ. Ж.с.д. VIII-VI ғ.ғ.


Моншақтар. Тас,металл. Тастан ою, құйма.

9. Моншақтар. Тас,металл. Тастан ою, құйма.


Айна тұтқасы. Сүйек. Ою. Ж.с.д. VI-V ғғ. Қырық оба қорымы

10. Айна тұтқасы. Сүйек. Ою. Ж.с.д. VI-V ғғ. Қырық оба қорымы

Бұл музей қорындағы табылған әшекейлердің бір бөлігі ғана, егер басқа да бұйымдарды көргіңіз келсе Ұлттық музейге келіңіздер!