Ұлттық музей қызметкері халықаралық семинарға қатысты

ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметінің басшысы, Материалдық мәдени мұра бойынша ұлттық сарапшы Назым Абилева 15-17 қарашада Минск қаласында өткен «Сохранение нематериального историко-культурного наследия стран СНГ в контексте глобальных вызовов» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысты.

Семинар барысында Назым Мусаипқызы «Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудағы музей рөлі» атты баяндама жасады.

Сондай-ақ, шара аясында «Музей кеңістігіндегі материалдық емес мәдени мұраның көрінісі» атты дөңгелек үстел және көрме өтті.

Іс-шараға Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевич, ЮНЕСКО фасилитаторлары, сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің материалдық емес мәдени мұраны дәріптеуші мамандар қатысты.