«Ортеке – балалар көзімен» байқауына 300-ге жуық оқушы қатысты

«Ортеке – балалар көзімен» атты республикалық көркемсурет конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясымен, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен, Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігімен, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен және материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комитетімен бірлесе ұйымдастырылды.

«Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық жұмыстары арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау, жаңғырту және насихаттау, еліміздің мәдени мұрасы туралы білімдерін қалыптастыру, соның ішінде «Ортеке» ұлттық биіне деген қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды қолдап, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту», - деп атап өтті ҚР Ұлттық музейі директорының қор жөніндегі орынбасары, «Ортеке балалар көзімен» байқауының комиссия құрамының төрағасы Сатубалдин Абай Кәрімтайұлы.

Конкурсқа жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, балалар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Байқау жұмыстары екі санат бойынша, яғни 5-8 сыныптар және 9-11 сыныпқа дейінгі жас санаттары бойынша қарастырылды.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек – 25 қазан аралығында республика бойынша байқауға 288 жұмыс қабылданып, қазылар алқасы байқау нәтижелерінің негізінде жеңімпаздарды анықтады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау кезінде қазылар алқасы жұмыс мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігі, көркемдік шеберлік, яғни суретті орындау техникасы мен сапасы, мазмұнының ерекшелігі, байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі сияқты критерийлерді басшылыққа алды. Ең көп ұпай жинаған үміткерлер байқаудың жеңімпаздары атанды.

5-8 сыныптар арасында жүлдегер атанған қатысушылар:

III орын – Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебінің оқушысы Момахан Аяулым;

1 гр. 3 место (90 баллов) Момахан Аяулым - Ортеке балалар көзімен.jpg

II орын – Солтүстік Қазақстан обылысы, Петропавловск қаласы, Оқушылар сарайы, Көркемөнер мектебінің оқушысы Беккожина Айгерим;

1 гр. 2 место (91 балл) Беккожина Айгерим - Небесный ортеке.jpg

I орын – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы Н. Төреқұлов атындағы IT мектеп-лицейінің оқушылары Серік Кәусар мен Асылхан Жанерке.

1 гр. 1 место (92 балла) Серік Кәусар - Күй мен ортеке.jpg

1 гр. 1 место (92 балла) Асылхан Жанерке - Менің қуыршағым.jpg

9-11 сыныптар арасында үздіктер қатарында:

III орын – Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Айбек атындағы №14 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Қараева Айша, Карағанды облысы, Теміртау қаласы, Ғ. Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебінің оқушысы Зурначиди Ольга мен Карағанды облысы, Қарағанды қаласы, №2 оқушылар сарайының оқушысы Әбдімәлік Лейла;

2 гр. 3 место (93 балла) Қараева Айша - Өртеке.jpg

2 гр. 3 место (93 балла) 040. Зурначиди Ольга - Сказка об Ортеке.jpg

2 гр. 3 место (93 балла) 046. Әбдімәлік Лейла Мұхтарқызы - Шабыт.jpg

II орын – Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Нурахметова Нурай;

2 гр. 2 место (94 балла) Нурахметова Нурай - Күй өрнегі - ортеке.jpg

I орын – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы Н. Төреқұлов атындағы IT мектеп-лицейінің оқушысы Мырзахан Мадина.

2 гр. 1 место (95 баллов) Мырзахан Мадина - Ортеке биі.jpg

Абай Кәрімтайұлы жас өнерпаздарға шығармашылық шабыт, оқуда табыс тілей отырып, ұлттық мұрамызды насихаттауға ат салысқандары үшін алғыс білдірді. Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.