Ұлттық музейде «Менімен биле» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Менімен биле» атты байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – арнайы білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмірге, шыдамдылық пен түсіністікте тәрбиелеп, оларға шығармашылық мүмкіндіктерін ашатын, таланттарын, мәдени ерекшеліктерін дамытуға әсер ететін инклюзивті шығармашылық алаң қалыптастыру, сонымен қатар балаларға музейлік білім беру арқылы Қазақстан мен басқа да елдердің мәдени құндылықтарын таныстыру көзделді.

Байқауға 8 оқушы қатысып І, ІІ, ІІІ-ші жүлделі орындар белгіленіп, жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

І орын Шижбанова Жасмин, Оразбай Мерей, ІІ орынды Қапан Жанарыс, Калиева Альбина иеленсе, ІІІ орынға Ходжаева Сабина, Мукушова Ясмина, Алмабекова Зарина, Садвакасова Аружан, Асарова Ясминалар ие болды. Марапатқа ие болған байқау қатысушыларына дипломдар, естелік сыйлықтар табысталды.

Байқаудың өтуіне "INSISTEM" ЖШС-нің директоры Абдрахманов Төрехан Жұмаханұлы мен жеке кәсіпкер Шахарбаев Қанышбек Бүркітбайұлы демеушілік көрсетті. Іс-шара демеушілердің көмегімен шақырылған аниматорлар балалардың көңілін көтеріп, әртүрлі ойындар өткізді.

Аталмыш шара «Мейірім» инклюзивті білім беру жобасы аясында жүзеге асырылды. Ұйымдастырушы – музейлік педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің қызметкерлері.