Ұлттық музей мен Лувр ірі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова мен ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдықов Францияға жұмыс сапары аясында Лувр музейі басшылығымен кездесті.

Кездесуде тараптар алдағы уақытта Парижде көрме ұйымдастыру, біріккен зерттеулер жүргізу және екіжақты ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады.

Франциялық әріптестер Қазақстандағы ислам тарихына қатысты жәдігерлер мен соңғы уақытта жүргізіліп жатқан археологиялық қазбаларға қызығушылық танытты.

Кездесу соңында екі жақ алдағы уақытта бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.