Паралимпиада спортшылары кездесу өткізді

9-қазан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Ұлттық музейде паралимпиада ойындарының жеңімпазы, пара пауэрлифтингтен Қазақстанның екі дүркін чемпионы Бауыржан Арстанбеков мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесіп, спорттағы жетістіктері туралы әңгімелесті. Кездесуге Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі ұйытқы болды.

Мұндай кездесулер балалардың бойында батылдық пен шыдамдылықты, өз күшіне деген сенімін оятуға бағытталған.

Кездесу барысында балаларды спортпен шұғылдануға тарту тақырыбы ғана емес, олардың өзін-өзі дамыту және білім беру мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу аясында балалар мен спортшыларға арналған фуршет ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Бір атап өтерлік жайт, бүгінгі таңда елордада 30 056 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның 7188-і балалар.