Ұлттық музейдің үздік қызметкерлері марапатталды

Ұлттық музейде 25 қазан – Республика күніне орай музей қызметкерлерін марапаттауға арналған шара өтті.

Мерекелік шара барысында ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. А. Сыдықов ұлық мерекемен құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің басшысы Жанар Беисованы, Қор жұмыстары қызметі Есепке алу бөлімінің жетекшісі Тогжан Адильбекованы және Консервациялау, қалпына келтіру және қолөнер бұйымдарын өндіру қызметінің қызметкері Құралай Төлегенованы марапаттады.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау жолында ҚР Ұлттық музейінің дамуына ат салысқаны үшін еңбегі сіңген қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Айтулы күн музей ұжымына арналған шағын концерттік бағдарламаға ұласып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.