Балалар музейде асық атып, ойын тарихына үңілді

Республика күніне орай Ұлттық музейде «Кел, асық ойнайық» атты ойын сабағы өтті.

Мақсаты – ұлттық ойындар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру.

Ойын барысында оқушылар ойынның тарихымен таныса отырып, ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа баулитын асық ойынын ойнады.

Қызықты әрі танымды сабақ балалардың көңілінен шықты.

Айта кетейік, аталған шара ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу негізінде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімімен ұйымдастырылды.