Көркем академиясына - 15 жыл

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Көркем академиясының 15 жылдығына арналған көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов, дипломатиялық қоғамдастық пен зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениеттанушылар қатысты.

Көрме академия мүшелерінің шығармашылығын таныту және олардың Қазақстанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесін айқындау мақсатында ұйымдастырылды.

Көрмеге кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет өнері туындыларының кескіні сынды 180-нен астам туынды ұсынылған.