«Алтын адам» Павлодарға аттанды

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорынан жинақталған «Алтын адам – Дала империясы» көшпелі көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеге Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен өлкетанушылар қатысты.

Көрме аясында белгілі қазақстандық археолог К.Ақышевтің экспедиция жетекшілігімен 1969 жылы Есік қорғанынан табылған жәдігерлер, оның ішінде «Алтын адам» көшірмесі көрермен назарына ұсынылды.

Бүгінде «Алтын адам» бүкіл әлемге танымал еліміздің символы және Еуразияның Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасы.

Айта кетейік, көрме 25 қарашаға дейін жалғасады.