Ұлттық музейге АҚШ-тан мәртебелі қонақ келді

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне достастық сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лиза Джонсон келді.

Мәртебелі қонаққа музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізіліп, Лиза Джонсон Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін паш ететін мәдени ошақтың жұмысына жоғары бағасын берді.

Өз кезегінде Ұлттық музей директорының қор қызметі бойынша орынбасары Абай Сатубалдин зор ілтипатын білдіріп, сапардан естелік ретінде Л. Джонсонға музей туралы сыр шертетін арнайы кітапты тарту етті.

Кездесу соңында көрнекті дипломат ізгі тілегін білдіре отыра, Құрметті меймандар кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.