Ұлттық музейге Бельгия елшісі келді

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жұмыс сапары аясында Бельгия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Анри Вантигем келді.

Мәртебелі қонақ ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықовпен жүздесті. Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы мәдени-рухани байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, пікір алмасты.

Өз кезегінде Анри Вантигем мәдени құндылықтарды кейінгі ұрпаққа насихаттауда және тарихи жәдігерлердің сырын халыққа бүкпесіз жеткізудегі ҚР Ұлттық музейінің алатын айрықша рөліне тоқталды. Сонымен қатар елші алдағы уақытта музейдің басты құндылығы – Алтын адамды Бельгияға әкеліп, қалың көпшілікке Дала мәдениетінен сыр шертетін көрме ұйымдастыру туралы айттты. 

Бұдан әрі Ұлттық музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізіліп, құрметті мейман мәдени ошақтың теңдессіз архитектурасы мен құнды дүниелеріне жоғары бағасын берді.