Конституция күніне арналған ашық сабақ өтті

ҚР Ұлттық музейінде «30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты – Ата заң туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту, Отанын қорғауға, сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін сақтау, Ата заңымызды құрметтеу.

Ашық сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау, ҚР рәміздерін құрметтеу, Қазақстан Республикасын қорғау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екені түсіндірілді. Сондай-ақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, адамгершілік, азаматтық және патриоттық тәрбие беруге бағытталды.

Ашық сабаққа елордадағы №24 орта мектептен 30 оқушы қатысты. Сабақ 3 тілде жүргізіліп, оқушылар Конституция күніне өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Қызықты әрі танымды сабақ оқушылардың көңілінен шықты.

Айта кетейік, аталған шара Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімімен ұйымдастырылды.