Ұлттық музейге БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид бастаған делегация арнайы келді. 

Экскурсия барысында құрметті қонақ қазақ халқының тамыры терең тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысты. 

Мәртебелі мейман Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметін жоғары бағалап, Құрметті меймандар кітабына естелік жазба қалдырды.