2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аяқталды

Үндістанның Ченнай қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Жарысқа 2000-нан астам қатысушы, атап айтқанда 189 ерлер мен 162 әйелдер командасы жиналды.

11-турда әйелдер құрамасы Үндістан құрамасымен кездесті. Қорытынды тур біздің құраманың жеңісімен 2,5-1,5 есебімен аяқталды. ҚР құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс). Осылайша  командалық  ойында әйелдер ұлттық құрама командасы 5 орынға тұрақтады.

Жеке қорытынды нәтижелер бойынша Жансая Әбдімәлік олимпиаданың 1 тақтасында 9 мүмкін ұпайдан 7 ұпай жинап, 3 орын алды.

Бибісара Асаубаева «Әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы» атанды.

Халықаралық рейтингке сәйкес шахматшылар Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10 орында еді. ҚР әйелдер құрамасы Украина, Грузия, АҚШ, Үндістан сияқты елдерден кейін 5 орынға табан тіреді.

Әйелдер құрамасы:

1) Әбдімәлік Жансая (22 жас) 9 партиядан 7 ұпай жинады; 

2) Асаубаева Бибісара (18 жас) 11 партиядан 8 ұпай жинады;

3) Балабаева Ксения (17 жас) 10 партиядан 5,5 ұпай жинады;

4) Нахбаева Гүлісхан (31 жаста) 10 партиядан 6 ұпай жинады;

5) Нұрғали Назерке (18 жаста) 4 партиядан 1,5 ұпай жинады.

Қазақстан ерлер құрамасы, 11 турда Үндістан құрамасының үшінші құрамасына қарсы шықты. Қазақстан шахматшылары үшін 11 тур 2-2 тең нәтижемен аяқталды.

ҚР ерлер құрамасы 15 матчтық ұпай жинады (7 жеңіс, 1 тең ойын, 3 жеңіліс) және  17 орын алды.

Халықаралық рейтингке сәйкес шахматшылар Олимпиаданың бастапқы тізімінде 40 орында еді. Бірақ соған қарамастан жас  шахматшылармен бірге ерлер командасы 17 орынға ие болды.

Ерлер құрамасы:

1) Жұмабаев Ринат (33 жаста) 9 партиядан 5,5 ұпай жинады;

2) Сүлейменов Алишер (22 жаста) 10 партиядан 6,5 ұпай жинады;

3) Қажығалиев Мұртас (49 жас) 4 партиядан 1 ұпай жинады;

4) Оразаев Арыстанбек (24 жаста) 11 партиядан 7 ұпай жинады;

5) Нөгербек Қазыбек (18 жас) 10 партиядан 7,5 ұпай жинады.

ҚР Ұлттық музейінің ұжымы спортшыларға кәсіби шеберлігі мен лайықты ойын көрсеткені үшін алғыс айтады.