Бүгін – Абай күні!

Ол – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл, қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға.

Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес, оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.

Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – ұрпақ алдында тұрған зор міндеттің бірі. Абай атамыздың: «Күллі адам баласын қор қылатын кесел – надандық, еріншектік, залымдық екенін түсіндіре отырып, бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, бекер мал шашушылық) мен бес досты (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым) ажыратуды міндет етеді. Олай болса, хакім Абайдың әр өлеңін, әр сөзін терең мағынасында зерделі оймен сезініп, түсініп, зерделеу – баршамыздың қасиетті парызымыз.

ҚР Ұлттық музейінің ұжымы атынан осынау айтулы күні шаңырақтарыңызға құт-береке, толағай табыс, рухани дамудың биік өлшемін тілейміз!