Ұлттық музейдің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.
Кезекті отырыс барысында ҚР Ұлттық музейі Ғылыми-әдістемелік кеңесінің жаңартылған құрамы бекітіліп, өзге де күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
Жиынды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов жүргізіп, кеңес қызметінің маңыздылығына тоқталып өтті.
Отырысқа қызмет басшылары, тарихшылар мен ғалымдардан құрылған кеңес мүшелері қатысты.
Шара аясында «Палеонтология» залының тұжырымдамасы, «Музейдегі мектеп күні» жобасының және Сәндік-қолданбалы өнер, қолөнер және кәдесый өнімдері алаңының тұжырымдамасы қаралды.
Сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын және тарихи-мәдени объектілерді бейнелеу өнері арқылы танымал ету мақсатында суретшілер арасында «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту мәселелері қозғалды.
Отырыс соңында ғылыми кеңес мүшелері қаралған сұрақтарға қатысты өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.