Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылғы мемлекеттік стипендияға үміткерлердің ұсыныстары қабылданып жатқандығын хабарлайды.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстанның мәдениетін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан дарынды шығармашыл жас қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында берiледi.

2022 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға үміткерлердің ұсыныстары 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады➡️ https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/405159?lang=kk